
Жасанды интеллект әр адамның тіл білу деңгейін бағалап, соған сәйкес жаттығулар дайындайды. Ал тікелей аударма құралы 70-тен астам тілде әңгімелесуді жеңілдетеді. Жүйе сөйлеудегі акцент пен паузаны ажыратып, бірден дыбыстап, дұрыс нұсқасын экранға шығарады. Жүйе әзірге санаулы елдерде ғана іске қосылды. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін барлық пайдаланушыға қолжетімді болады.