
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл кездесу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйым төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичпен өткен келіссөздерінде белгіленген бағыттарды жалғастыру аясында өтті.
Тараптар активтерді қайтару және қаржылық барлау тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырып, кірістерді заңсыз шығаруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестегі бірлескен іс-қимыл тетіктерін талқылады.
Жером Бомон елімізде қолға алынған реформаларды оң бағалап, серіктестікті одан әрі дамытуға әзір екенін жеткізді.
Өз кезегінде, Премьер-министр Олжас Бектенов «Эгмонт» тобының қаржылық қауіпсіздік саласындағы жетекші халықаралық алаң ретіндегі рөлін атап өтіп, Қазақстанның кірістерді заңсыз шығаруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күреске бағытталған халықаралық стандарттарды берік ұстанатынын айтты.
Кездесу соңында тараптар жаһандық қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті.