
Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің дерегіне қарағанда, жаңа ғимаратта үш блок болады. Оның бірі – 1200 орындық концерт залы. Ал екінші блокқа тарихи-өлкетану музейі орналасады. Тарихи жәдігерлер жинақталатын блокта цифрлық және ғылыми кітапхана, ғылыми-зертханалық кешен, шеберлік бөлмелері, архивтік қор сақтау орны мен көрме залдары, экспозициялық кеңістіктерге орын беріледі.
Сондай-ақ екі блокты «Домбыра» пішініндегі көрініс алаңы байланыстырады. Жобалаушылар ұлттық аспап түріндегі алаңда кассалық галерея қосалқы қызметтік бөлмелерді орналастыруды көздепті.
«Мемлекет басшысы Атырауға келген сапарында жаңа мәдени орталық салу қажеттігіне назар аударды. Оған ұлы күйші Құрманғазы атамыздың есімін беруді ұсынған еді. Президент тапсырмасына сәйкес ең үлкен мәдени нысанның құрылысы басталды. Бұл ғимарат тек архитектуралық нысан емес, рухани жаңғырудың жарқын көрінісі, ұлт мәдениетінің алтын көпірі, өнер мен өнегенің ордасы болады», дейді Серік Шәпкенов.
Атырау облысы