Спорт • Кеше

Астанада әлем чемпионаты өтеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6–11 қыркүйек аралығында Астанада парахоккейден (B-пул) әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция, Финляндия құрамалары қатысады.

Астанада әлем чемпионаты өтеді

Турнир айналмалы жүйе үл­гісінде өтеді. Жарыстың қоры­тындысында алғашқы екі орынды иеленген командалар «A» тобына өтсе, соңғы орын алған құрама «C» тобына түседі. Сондай-ақ бұл біріншілікте «Милан-2026» XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне бері­летін екі жолдама сарап­қа салынады. Іріктеу жарысы 5–10 қараша аралығында Норвегия­ның Йессхейм қаласында өтеді. Жарыста Паралимпиадаға тіке­лей жолдама алатын құрамалар анықталады.

«Астанада парахоккейден (B-пул) әлем чемпионатын екінші рет өткізу – бізге үлкен мәртебе. Алғашқы турнир 2023 жылы өтті, ол кезде құрамамыз 4-орынға тұрақтады. Биыл жоғары нәтиже көрсетіп, Паралимпиадаға жолдама алу үшін бар күшімізді саламыз», деді еліміздің парахоккей федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров.

Парахоккейден әлем чем­пио­наты Туризм және спорт министр­лігі, Астана қаласының әкімдігі, «Sport Qory», «Самұрық Қазына» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылады.