Оқиға • Кеше

Астанада әлем чемпионатына іріктеу ойынына байланысты жол қозғалысы шектеледі

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 19:00-де «Астана Арена» стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада әлем чемпионатына іріктеу ойынына байланысты жол қозғалысы шектеледі

Фото: Ашық дереккөз

Қала әкімдігінің хабарлауынша, ойын барысында қонақтардың қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында стадион маңындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, қозғалыс  «Алау» сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан шектеледі.

1

Жол қозғалысына қойылатын шектеулер матч басталардан бірнеше сағат бұрын күшіне еніп, ойын аяқталғанға дейін жалғасады. Осыған байланысты жүргізушілерге өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кідірістерді ескерген жөн.