
Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықовтың айтуынша, бұл бәйге – ұлттық спортты дәріптеу мен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды шара. Елдің бірлігін нығайтып, ұлттық салт-дәстүр мен спортты дәріптеу көзделген.
Бәйгенің жүлде қоры – 10 миллион теңге. Мәселен, 6 шақырымдық тай жарыста Батыс Қазақстан облысынан келген «Медина» атты жүйріктің иесі бірінші орынды олжалады. Ал 9 шақырымды құраған құнан бәйгеде Ақжайық ауданынан қосылған «Бөрте» сәйгүлігі топ жарды.
Топ бәйгенің жүйріктері 18 шақырымға шапты. Маңғыстау облысының тұлпары – «Сархан» мәреге бірінші жетті. Жүйрікті бәйгеге қосқан атбегіге 1 миллион 200 мың теңге берілді.
Жұрт аламан бәйгені асыға күтті. Аламанның қашықтығы – 24 шақырым. Бұл сайыста «Ақбаян» атты жүйріктің бағы жанды. Желдей ескен жануардың иесі 1 миллион 800 мың теңгені иеленді.
«Бұл – мен үшін ерекше жеңіс әрі қуаныш. Алғаш рет бәйге атымен 7 жасымда шапқан едім. Үш жылдан бері шабандозбын. Аламанда алдына қара салмаған «Сархан» аталатын жүйрікті Ресейден әкелінген», дейді шабандоз Насихат Абдолла.
Атырау облысы