Ғалам ғажаптары • 05 Қыркүйек, 2025

Құбыр арқылы хат алмасқан

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пневматикалық пошта дегенді естуі­ңіз бар ма?

Құбыр арқылы хат алмасқан

Хаттар шағын капсулаға салынып, арнайы жерасты құбырлары арқылы қысылған ауаның күшімен екінші нүктеге зулап жететін. Қаладағы пошта бекеттері бір-бірімен осылай байланысып, жылдам хат-хабар алмасып отырған. XIX ғасырдың ортасынан бастап Еуропа мен Америкадағы ірі қалалар осы тәсілді кеңінен қолданды. Алайда жаңа технологиялар дамыған са­йын пневмопоштаның дәурені де аяқталды. Соңғы жұмыс істеген жүйе Чехия астанасы Прагада болды. Алайда 2002 жылғы су тасқынынан кейін мұндағы қызмет те біржола тоқтады. 

 

Соңғы жаңалықтар

ЕАЭО отырысы Шымкентте өтеді

Саясат • Бүгін, 12:58

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55