
Фото: Ашық дереккөз
Құжатқа сай, «Соғыс министрлігі» атауы Қорғаныс министрлігінің қосымша ресми баламасы ретінде енгізіледі. Сондай-ақ министрлік басшысы үшін «соғыс министрі» лауазымы қолданылады. Қазіргі таңда бұл қызметті Пит Хегсет атқарып отыр.
The Wall Street Journal жазғандай, Ақ үйде бұл бастамаға қатысты заңнамалық ұсыныстар Трамптың екінші мерзімінің алғашқы күндерінен бастап әзірлене бастаған. Әзірге өзгерісті Конгрестің мақұлдауынсыз жүзеге асырудың түрлі жолдары қарастырылып жатыр.
Трамптың пікірінше, «қорғаныс» түсінігі тым бейтарап көрінеді, ал «соғыс» термині елдің әскери қуатын нақтырақ бейнелейді. Осылайша, Ақ үйдің жаңа қадамы АҚШ-тың күш көрсету саясаты мен стратегиялық ұстанымын айқын көрсетіп отыр.