Президент • Бүгін, 16:32

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі

Фото: Ақорда

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.