Ғалам ғажаптары • 06 Қыркүйек, 2025

Кептелістегі құтқарушылар

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд астанасы Бангкок – әлемдегі ең кептелісі көп қалалардың бірі.

Кептелістегі құтқарушылар

Сол себепті 1993 жылдан бері Бангкокта арнайы дайындықтан өткен полиция жасағы бар. Олар тек тәртіп сақшылары ғана емес, қажет болса, ай-күні жеткен әйелді босандыра алады. Себебі жедел жәрдем кептелісте қалып қойғанда, полиция мотоциклмен жылдам жетіп, аналарға көмектеседі. Қазіргі таңда жүздеген сәби осындай «жолдағы перзентханада» өмір есігін ашқан.