
Хамелеондар ең алдымен бір-бірімен «сөйлесу» мақсатында реңін өзгертеді. Ашулы болса, қою түстерге боялады, ал тыныш әрі бейбіт күйде болса, жұмсақ түстерге ауысады. Осылайша, олар қарсыласқа ескерту жасап немесе жұптасу кезінде өз ниетін білдіреді. Екіншіден, түс өзгерту – дене температурасын реттеудің тәсілі. Қара түстер күн жылуын тез жинап береді, ал ашық түстер керісінше, денені салқындатады.