
ЭЦҚ кілттерін алуға пайдаланушы eGov.kz» порталында немесе Ұлттық куәландырушы орталықтың «pki.gov.kz» сайтында өтінім беріп, бет-әлпетті тану жүйесі арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет. Биометрия сәтті өткенде ЭЦҚ кілттерін онлайн аласыз. Ал егер жүйе сәйкестендіруді орындай алмаса – мысалы, базада фотосурет болмаған жағдайда не техникалық ақау туындаса – пайдаланушының қайталау мүмкіндігі бар. Қысқасы, биометриялық тексерістен бес рет өте аласыз. Осыдан кейін ғана ХҚКО арқылы ЭЦҚ алуға өтінім беруге және оператор арқылы жеке басын растауға жол ашылады. Ең маңыздысы – биометриядан өтпей ХҚКО-ға өтінім беру мүмкін емес. Оператор ЖСН бойынша ақпаратты тексереді. Сондай-ақ интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ азаматтарға ХҚКО-дағы өз-өзіне қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған. Егер пайдаланушы сол жерде сәйкестендіруден сәтті өтсе, кілтті онлайн
алады.
Азат ЕСЕН