Қоғам • 08 Қыркүйек, 2025

2030 жылға дейін жолаушылар вагондары толық жаңартылады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» Қорының мәліметінше, осы жылдың желтоқсан айында жолаушылар вагондары паркі 51 заманауи вагонмен толығады. Қор вагондардың Астана қаласындағы отандық «Штадлер Қазақстан» зауытында жасалғанын атап өткен, деп жазады Egemen.kz.

2030 жылға дейін жолаушылар вагондары толық жаңартылады

Фото: «Самұрық-Қазына» Қоры

2030 жылға дейін паркке осындай 557 вагон қосылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ЗИКСТО» ЖШС-нен тағы 100 жолаушылар вагонын сатып алады. 

2022-2025 жылдар аралығында Ұлттық тасымалдаушы вагондар паркін 255 жаңа жолаушылар вагонымен және 18 электр пойызымен толықтырған. Жолаушылар вагоны жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ыңғайлы эргономика және заманауи инженерлік шешімдермен ерекшеленеді.