Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Шекспирдің сөзжасамы

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағылшын әдебиетін әлемдік дең­гейге көтерген жазушы Уильям Шекспир шығармаларымен ғана емес, тілді байытумен де тарихта қалған.

Шекспирдің сөзжасамы

Ғалымдардың дерегінше, ол ағылшын тіліне шамамен 1 700 жаңа сөз енгізген. Мысалы, бүгінгі күні жиі қолданылатын lonely (жалғыз), gossip (әңгіме-сыр), fashionable (сәнді), majestic (асқақ) се­кіл­ді сөздер алғаш рет оның пьесаларын­да қолданылған. Шекспирдің бұл жаңа­лығы ағылшын тілін әлемдегі ең бай тілдердің біріне айналуына үлес қосқан.