ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:40

Жұмысшы мамандығының мәртебесі артады

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қоғамды жаңғырту үшін әлі де көп шаруа атқаруымыз керек». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арна­ған Жолдауында айтқан осы сөзі – әрбір саналы азаматтың жүре­гіне жетіп, ел алдындағы жауап­кершілікті сезінуге үндейді.

Жұмысшы мамандығының мәртебесі артады

Біз күн сайын ел экономика­сының негізін құрап отырған өндіріс саласында, еліміздің байлығын халық игілігіне айналдыру жолында еңбек етіп жүрміз. Қоғам жаңғыруы үшін еңбек адамының санасы, болмысы да жаңғыруы керек. Бізге тек мұнай өндіріп қоймай, технологиялық тәртіпті, экологиялық жауапкершілікті, қауіпсіздік мәдениетін де бірге дамыту міндеті жүктеліп отыр.

Президент Жолдауда рефор­малардың сал­мақ­ты әрі сапалы түр­де жүзеге асырылуы керектігін баса айтты. Бұл сөздер біздің салада да өте өзекті. Мұ­най-газ – күрделі әрі үне­мі жаңарып отыруды қа­жет ететін сала. Сон­дық­тан біз де жаңа тә­сіл­д­ермен жұмыс істеу­ге бейімделіп, цифр­­лық ше­шімдерді мең­­ге­­ріп, қауіп­сіздік пен тиім­ді­лік­ті бірінші орынға қоюымыз керек.

Сондай-ақ Президенттің өскелең ұрпақ бақытты және берекелі өмір сүруге тиіс деген сөзі мені ерекше толғандырды. Өйткені біз еңбек етіп жүрген өндіріс тек бүгінгі күн үшін емес, ертеңгі ұрпақ үшін жұмыс істеп келеді. Бүгінгі біздің табанды еңбегіміз – болашақтың іргетасы.

Елде жаңа өндіріс орындары ашылып, инфрақұрылым дамып, инвестиция тартылып жатыр. Біз бұл жұ­мысты тек сырттай бақылаушы емес, тікелей атқарушы ре­тінде қабылдаймыз. Әр­бір баррель мұнай, әр­бір инженерлік шешім – ел да­муына қосылған нақты үлес.

Президентіміз Жол­дауда «Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі бұл – елі­міздің болашағы, халқымыздың тағ­дыры», деп атап өтті. Бұл – жай сөз емес, бұл – нағыз еңбек адамына ар­нал­ған үндеу. Сол үндеу аясында біз ел игілігі үшін адал еңбек ете береміз.

Осы орайда Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсу – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін де алға қойды. Шын мәнінде, бұл – өндіріспен тікелей айналысып жүрген біз секілді еңбек адамдары үшін үлкен қолдау әрі жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай назар жұмысшы маманды­ғының мәртебесін көтеріп, келешек ұрпақты еңбекке деген құрмет­пен тәрбиелеуге ықпал етеді. Сондықтан жұмысшы еңбегін бағалау, жас­тарды нақты өндіріс саласына тарту, оларды тұрақты қолдау – барша қоғамның, әсіресе еңбек ұжымдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.

 

Гүлшара ОҢДАШЕВА,

«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

Мұнай-газ кен орнын игеру және геология бөлімінің геологі