
Kozachkov offside Telegram-арнасының дерегінше, жігіттердің арасында жанжал шығып, артынша төбелеске ұласқан. Сол сәтте олардың біріне пышақ жарақаты салынған.
Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті ұсталып, Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Мекеме қонақтарының арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқаны анықталды. Оқиға барысында күдікті пышақ жарақатын салып, соның салдарынан 19 жастағы жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.