Оқиға • Бүгін, 17:15

Алматыда самокат мінген жігіт ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Алмалы ауданында самокат жүргізушісі өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Алматыда самокат мінген жігіт ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді

Фото: pixabay.com

Оқиға өткен жұма күні қала орталығында болған. Полиция мәліметінше, тротуарда жүруге байланысты жаяу жүргінші мен самокатшы арасында жанжал шыққан. Қақтығыс кезінде самокат жүргізушісі ер адамға соққы жасап, нәтижесінде жәбірленуші көзінен айырылған.

Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ведомствоның дерегінше, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, кінәлі тұлғаны жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қабылданған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша тергеліп жатыр. Бұл бапқа сәйкес, 1000 АЕК-ке дейін айыппұл (шамамен 3,9 млн теңге), түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.