
Фото: Ашық дереккөз
Министр ұсынған ақпараттарда көрсетілгендей, Kuiper (Amazon) жүйесін енгізу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен дайындық жұмыстары жүргізіліп, кейін ел аумағында жоғары жылдамдықты интернет желісі іске қосылады.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылдың қыркүйек айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Kuiper (Amazon) компаниясымен спутниктік байланыс қызметін ұсыну туралы меморандумға қол қойған. Қазіргі таңда осы бағыттағы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда OneWeb және Starlink компанияларының спутниктік интернеті жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары қаралды. Президент өз Жолдауында жасанды интеллектіні дамытуға ерекше назар аударған болатын.