Елорда • Кеше

Астанада жедел автобустар пайда болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жаңа қоғамдық көлік түрі – жедел автобустар пайда болады. Бұл туралы Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жедел автобустар пайда болады

Басқарманың хабарлауынша, қоғамдық көлік қызметін дамыту мақсатында Астанада 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарлама дайындалды. Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Аталмыш бағдарлама маршруттық желіні оңтайландыру және халық үшін көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру секілді негізгі бағыттарды қамтиды. 

Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай қоғамдық көлік саны едәуір көбейеді. Ал оны қолданатын тұрғындар үлесін 41% -дан 71%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

- Бұл мақсат үшін елордамызда қоғамдық көліктің жаңа түрі – жедел автобустар пайда болады. Оларға арнайы жолақтар бөлінеді. Осыған қарай елордада жаңа аялдамалар салынып, автобустар саны артады, арнайы қозғалыс жолақтары бөлінеді, көлік көп қатынайтын магистральдарға түсетін салмақ азаяды. Жаңа автобустар кең әрі жайлы болады, бұл көбірек жолаушы тасымалдауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспары келісу сатысында, ол жыл соңына дейін аяқталады деген болжам бар.