Жәдігер • Бүгін, 07:52

Қола дәуірінің құнды жәдігерлері

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ордабасы ауданы Бөген су қоймасының маңында жүр­гізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында қола дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлер табылды.

Қола дәуірінің құнды жәдігерлері

Белгілі археолог А.Подуш­кин жетекшілік еткен ғылы­ми экспедициялық қазба жұ­­мыстары нәтижесінде қо­ла дәуіріне жататын төрт қо­рым анықталған. Бұл із­де­ніс мыңдаған жыл бұ­­рын Түр­­кістан өңірін ме­кен­де­ген адам­дардың өмі­рі мен мәде­ниеті туралы жаңа мәлімет бе­ре­ді. Ең біре­гей олжа – б.з.б. XV-XVI ғасыр­лар­ға жататын әйел қабірі. Ға­лымдардың айтуын­ша, бұл жерлеу андронов мәдениетіне тиесілі және сол дәуірдегі әйел­­дердің тұрмы­сы мен дәс­түрлерін бейнелей­ді. Мұнда архео­логтер баскиім­нің бөл­шектері мен әшекей­ле­рін алтын жалатылған қола самай сақиналары, білезік­тер, моншақтар мен ұсақ бисерлер, ерекше пішінді сырға­­лар тапты. «Оңтүстік Қазақ­стан аймағы үшін бұл біре­гей табыс. Бұл қола дәуірін­дегі халық қола өңдеуді, қола құюды меңгергенін, зергер­лік өнердің негіздерін білгенін дәлелдейді. Мұның бәрі біздің ежелгі ата-бабаларымыздың осы жерде жоғары деңгейде өмір сүріп, еңбек еткенін көрсетеді», дейді Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық уни­верситетінің профессоры Александр Подушкин.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, бұл – Орталық Азия тарихы үшін тың жаңалық. Себебі мұндай жәдігерлер алғаш рет Орта Азия бойынша Ордабасы аумағынан табылып отыр. Барлық табыл­ған бұйымдар ғылыми тұр­ғы­да зерттеліп, «Ордабасы» ­ұлт­тық тарихи-мәдени қо­рық-музейінің қорына өткі­зі­леді. Археологиялық зерт­­теу жұмыстарына аудан әкім­дігі тарапынан қолдау көрсеті­ліп, алдағы уақытта да жалға­сын табады.

 

Түркістан облысы