Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Оттегіні орман өндірмейді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз көбіне Жердің «өкпесі» деп ормандарды атаймыз. Алайда ғылым деректері басқа ақиқатты көрсетіп отыр. Ғаламдық атмосферадағы оттегінің 50–80 пайызы орманнан емес, теңіз түбінде тіршілік ететін микроорганизмдер мен балдырлардан өндіріледі.

Оттегіні орман өндірмейді

Кішкентай ағзалар фотосинтез арқы­лы күн сәулесін сіңіріп, бүкіл тіршілік үшін ең маңызды элемент – оттегіні бө­ліп шығарады. Демек, әр тыныстаған са­йын ормандарға ғана емес, сонау мұхит түбіндегі көрінбейтін жаратылыстарға да қарыздармыз. Ғалымдар атап өткендей, теңіздегі фитопланктон, балдырлар мен кейбір бактериялар – атмосфералық тепе-теңдіктің басты сақшылары.