
Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару істері агенттігінің директоры Құдайберген Базарбаевтың айтуынша, заң жобасы ұлттық идеологияны нығайтуға, Жалал-Абад қаласына тарихи тұлға, халық қаһарманы, қырғыз халқын түрлі басқыншылықтардан қорғаушы ұлы Манастың есімін беруге бағытталған.
Атын өзгертуге кететін шығын шамамен 15 миллион сомды құрайды.
Қырғыз саясаткері Феликс Кулов бұған дейін Facebook желісіндегі парақшасында Жалал-Абад қаласының атын өзгерту және оған әкімшілік астана мәртебесін беру туралы айтқан болатын.
Оның пікірінше, Жалал-Абад атын Манас деп өзгерткеннен кейін оның мәртебесін нығайту үшін белгілі бір шараларды қолға алу керек.
– Мен Нидерланд мемлекетінің жолымен жүруді ұсынамын. Бұл елдің астанасы – Амстердам, бірақ Гаага – үкіметтің, парламенттің және монархтың орны. Тағы бір мысал, үш астанасы бар Оңтүстік Африканы айтуға болады: Претория (әкімшілік), Кейптаун (заң шығарушы) және Блумфонтейн (сот). Неліктен біз осы нұсқалардың бірін ұстанбаймыз және Манас қаласына әкімшілік астана мәртебесін бермеске?! Кейбір министрліктерді, ведомстволарды, ірі мемлекеттік корпорацияларды оңтүстікке көшіруге де болады. Бұл ретте Бішкекті де аздап жеңілдетер едік, - деп бөлісті саясаткер.