Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Қуат үнемдейтін чип

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі заманда жасанды интеллект үлгілерінің электр энергиясын орасан көп тұтынуы алаңдаушы­лық тудырып отыр. АҚШ ғалымда­ры бұл түйткілге тың шешім ұсынды.

Қуат үнемдейтін чип

Зерттеушілер жасаған фотонды чип жасанды интеллектінің ең күрделі есептерін жылдам орындай отырып, энергия шығынын айтарлықтай азайтады. Мұнда Френель линзалары мен толқын ұзындықтарын мультиплекстеу әдісі қолданылған. Мамандардың айтуынша, мұндай технология болашақта ЖИ-дің тиімділігін арттырып қана қоймай, оны экологиялық тұрғыдан да қауіпсіз етеді.