Пікір • Бүгін, 08:48

Сая­си жүйе тұрақтылығының кепілі

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде парламенттік құрылымның партиялық негізде қалып­тас­уы әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың негізі ретін­­де маңызды. Дегенмен Қазақстан транзиттік даму кезеңінде болғандықтан, оның үстіне саяси институттар мен азамат­­тар­дың демо­­­­кра­тия­лық мәдениеті әлі толық қалыптасып үлгер­мегендіктен, партияларға мүше емес азаматтар құқық­та­­ры­ның қорғалу мәселесі – өзекті және назар аударуды талап ететін тақырып.

Сая­си жүйе тұрақтылығының кепілі

Сурет: azattyq.org

Осы контексте Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың партия­лық негізде парламент құру үшін алдымен қоғаммен жүйелі әрі жан-жақты диалог орнатудың қа­жет­тігін атап өтуі – орынды ше­шім. Яғни азаматтардың ерік-жігеріне негізделген саяси таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету – сая­си жүйенің тұрақтылығы мен демократиялық дамудың кепілі.

Депутаттар саны туралы нақты шешім қабылдау әлі ерте, мұны уақыт көрсетеді. Дегенмен басқа мемлекеттердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Қырғызстанда 300-ге жуық депутат бар. Сон­­дықтан елімізде өңірлік бөлініс пен партиялар санын ескере отырып, депутаттар саны 200-ден кем болмауға тиіс.

Мемлекет басшысының Жасан­ды интеллект және техноло­гия­лық даму министрлігін құру туралы бастамасы – уақтылы көтерілген және стратегиялық тұрғыдан өте маңызды шешім. Қазір әлем елдері жаппай цифрлық трансформация кезеңінен өтіп жатыр. Мемлекеттік басқару жүйесі, экономиканың стратегиялық салалары, ұлттық қауіпсіздік пен инфрақұрылым – барлығы дерлік цифрлық платформалар негізінде жүзеге асырыла бастады. Осындай жағдайда елімізде арнайы министрлік құру ашықтықты қамтамасыз етуге, адам факторына тәуелділікті азай­туға, жемқорлық тәуекелдерін төмен­детуге және тиімді басқару тетіктерін енгізуге айтарлықтай үлес қосады.

Әрі Президент сөзінде үш негізгі бағыт ерекшеленді. Бірін­­шісі – үш жылдың ішінде цифр­лық мемлекет құру қажеттігі. Яғни қазіргі заманның талаптарына сай өркениет көшінен қалмас үшін цифрландыру аса маңызды. Екіншіден, Президент экономиканың барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді атап өтті. Өнер мен мәдениетке дейін әр саланы цифрлық технологиялармен байланыстыру мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншісі – партиялық жүйе аясында парламенттік реформаны жүргізу, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, заң шығаруды жеделдету және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық өзгеріс.

Дегенмен цифрландырумен қатар, цифрлық қауіпсіздікті қам­та­масыз ету мәселесі де қатар жүруі қажет. Онлайн алаяқ­тық, жеке деректердің ұрлануы, мемлекеттік ақпа­раттық жүйелерге ша­буыл жасау сынды қауіп артып келе­ді. Бұл бағыттарда жүйелі жұ­мыс жүргізілмесе, еліміздің техно­ло­гиялық және ақпараттық қауіпсіздігіне қатер төнуі ықтимал. Сол себепті цифрлық инфра­құ­рылымды дамытумен қатар, киберқауіпсіздік жүйесін жетіл­діру және заңнамалық тұрғы­дан бекіту – кезек күттірмейтін міндет.

Осылайша, мемлекеттің тұрақ­ты дамуы үшін партиялық жүйені жетілдіру, депутаттар санын оптимизациялау, цифрлық техно­ло­гияларды тиімді пайдалану және ақ­параттық қауіпсіздікті қам­та­­масыз ету маңызды бағыттар ретін­де алға қойылуға тиіс.

 

Ермұрат БАПИ,

Мәжіліс депутаты