Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:02

«Қартаю сағаты»

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«AIRI» және Сколтех ғалымдары адамның биологиялық жасын анық­тай­тын әлемдегі алғашқы ашық платформаны жасады. Бұл жүйе «қартаю сағаты» деп аталады.

«Қартаю сағаты»

Биологиялық жас адамның құжат­тағы жасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ол ағзаның шынайы жағдайын көрсетеді. Егер биологиялық жас жоғары болса, түрлі аурудың қаупі артады. Жаңа жоба ДНҚ метилдену дерегіне негізделген. Ғалымдар 17 мыңнан астам үлгіні талдап, әлемдегі 13 танымал модель­ді сынақтан өткізген. Нәтижесінде, Йель университетінің профессоры Морган Левин әзірлеген «PhenoAge» моделі ең тиімді әдіс деп танылды. Мұндай сағат дәрілердің әсерін бағалауға, денсаулықты бақылауға, адамның ұзақ өмір сүру әлеуетін анықтауға көмектеседі.