
Жаңа бағдарлама судьяларға даулы сот процестерінде қолдау көрсетіп, қаралып жатқан істі ұқсас материалдармен салыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заң үстемдігі жоғары деп танылған елдердің тәжірибесін зерделеуге жол ашады. Сарапшылардың айтуынша, бұл тәсіл шиеленісті жағдайлардың өзінде қателікті азайтып, әділ шешім шығаруға ықпал етеді.
Конференция барысында бағдарламаны одан әрі жетілдіру, оны халықаралық тәжірибемен ұштастыру жайы қаралды.
«Мемлекеттің конституциялық құқық саласындағы ғалымдары қатысуда. Біз Орталық Азия, Африка, Америка елдерімен бірлесе отырып, елімізде құқық үстемдігін қамтамасыз ету тетіктерін нығайтудың жолдарын іздейміз», дейді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов.