ПЕТРОПАВЛ. 20 наурыз. Облыс орталығындағы № 20 қазақ мектебінде тұғыры бөлек, ұлт үшін туған жампоз Жұмабек Тәшеневке ескерткіш-мүсін қойылып, мұражай ашылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Н. Хрущевтың құрық бойламайтын зымияндық саясаты салдарынан қазақтың ұлан-байтақ жері бөлшектеніп кете жаздаған тұста арыстандай айбат, жолбарыстай қайрат көрсетіп, ел тұтастығының сақталып қалуына бірден-бір себепкер болған белгілі мемлекет және қоғам қайраткерін солтүстікқазақстандықтар да ерекше құрметтейді. 1947-1952 жылдары-облатком төрағасының орынбасары, төрағасы болған кезеңде өңір экономикасын, мәдениетін, руханиятын дамытуға қосқан үлесі өлшеусіз. Көптен бері есімі елеусіз болып келген нар тұлғаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Петропавл қаласындағы № 20 мектепке атын беру туралы көпшіліктің ұсыныстары Үкімет тарапынан қолдау тапты. Енді, міне, осы оқу ордасы алдына ескерткіш-мүсін орнатылып, мұражай ашылып, марқұмның туған-туыстарының, зиялы қауым өкілдерінің, жастардың, оқушылардың қатысумен салтанатты жағдайда өтті.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жиналғандарды айтулы оқиғамен құттықтады. Марқұмның ұлы Саян Жұмабекұлы әке жайлы жылы естеліктермен, әр жылдары қызмет атқарған Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов жарқын бейне жайлы әсерлерімен бөлісті.
Ескерткіш-мүсіннің авторы, бүгінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында кафедра меңгерушісі қызметін атқаратын Мәлік Жүнісбаевтың есімі де қызылжарлықтарға жақсы таныс.Кезінде Үкілі Ыбырайдың мүсінін тамаша сомдаған шеберге таңдаудың түсуі бекер емес. Оның өзіне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен атқарып шыққан. Парасатты келбет, қайсар рух мүсіндекелісім тапқан.
Мәртебелі қонақтар мұражайдың тұсаукесеріне қатысып, қайраткердің жеке заттарымен, еңбек, өмір жолдарынан сыр шертетін шығармалармен, жазбалармен, естеліктермен танысты.
С. Мұқанов атындағы әмбебап кітапханада «Мәңгілік елдің парасатты тұлғасы – Жұмабек Тәшенев» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, баяндамалар тыңдалды.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
• 20 Наурыз, 2015
Петропавлда Жұмабек Тәшеневке ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды

Арыста ағайындылар ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген
Есірткі • Бүгін, 11:00
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Футбол • Бүгін, 10:50
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Футбол • Бүгін, 10:45
Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:33
Қоғам • Бүгін, 10:32
Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі: Экономикалық логика және жеке капиталдың рөлі
Экономика • Бүгін, 10:25
Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті
Экономика • Бүгін, 10:20
Жұбайын «Парламент атынан» құттықтаған Мәжіліс депутаты көпшіліктің сынына ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:14
Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16