Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35

«Күн ағаштары»

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея ғалымдары дәс­түрлі күн электр стансаларына балама нұсқа ұсынды. Жаңа жоба – «күн ағаштары» деп аталады.

«Күн ағаштары»

Зерттеу нәтижелері мұндай құры­лымдардың небәрі 63 дана орнату арқылы 1 МВт-ға дейін энергия өндіре алатынын көрсеткен. Ең басты артықшылығы – экологияға зиян келтірмеу. Егер жерге жайғасқан күн панельдері үшін үлкен аумақ қажет болса, «күн ағаштары» сол қуатты небәрі 1% жер көлемін пайдалана отырып бере алады. Бұл тәсіл орман алқаптарының 99%-ын сақтап қалады. Мамандардың пікірінше, жаңа технология қалалар мен ауылдық жерлерде баламалы қуат көзін дамытудың тиімді шешімі.