
Кеш шымылдығы театрландырылған қойылыммен ашылып, жалғасын жас өнерпаздардың әуезді әндері мен мың бұралған билері тапты. Әрбір шығармашылық нөмір көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекенің ең қызықты бөлігі балаларға арналған отбасылық ойындар болды. Ойынға қатысқан жеңімпаздарға Оқушылар сарайының атынан арнаулы сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, астрономия обсерваториясына әсерлі саяхат, «Саз сыры» қыш шеберханасында шығармашылыққа жетелейтін шеберлік сабағына сертификат, гипс мүсіндерін жасауға арналған сертификаттар, ұлттық нақыштағы шопер жасауға арналған сертификат.
Бұл сыйлықтар балалардың ғылымға, өнерге және ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттырып қана қоймай, әр отбасыға жаңа тәжірибе мен қуаныш сыйлады.
Айта кетейік, М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы – 2000-нан астам баланың арманын қанаттандыратын шығармашылық орда. Мұнда өнер мен ғылым, спорт пен техника, медиа мен театр бағыттары қарқынды дамып келеді. Өткен оқу жылында тәрбиеленушілер 162 жүлде иеленсе, биыл одан жоғары жетістіктерге жетуді көздеп отыр.