Әлем • Бүгін, 10:20

Малайзиядағы көшкіннен 11 адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Малайзияның Борнео аралының солтүстігіндегі Сабах штатында ұзаққа созылған нөсер жауын салдарынан болған көшкіннен кем дегенде 11 адам қаза тауып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен,  деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Малайзиядағы көшкіннен 11 адам қаза тапты

Фото: Видеодан алынған кадр

Табиғи апат Кота-Кинабалу қаласына жақын ауылдың бірінде орын алған. Елдің әлеуметтік қамтамасыз ету департаментінің мәліметі бойынша, су тасқынынан зардап шеккендер саны 1788-ден асты, олар 12 көмек көрсету орталығына орналастырылған.

Премьер-министр Анвар Ибрагим зардап шеккендерге қосымша көмек ретінде 10 миллион ринггит (2,38 миллион АҚШ доллары) бөлінетінін жариялады. Бұған дейін 11 миллион ринггит қаражат қарастырылған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Суданның батысында да көшкін болып, салдарынан 1000-нан астам адам қаза тапқан еді.