
Аудан бойынша барлығы 81 жеке балабақшаға тиесілі қаражат аударылмағандықтан 1 847 жұмысшы айлап жалақы алмай келіпті. Аудандық прокуратураның қадағалау актісімен осы жұмысшылар мен 81 кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, 720 млн теңгеге жуық қаржы өндірілді.
Бұған дейін де Арал ауданы прокуратурасы мониторинг жүргізу барысында Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының 623 қызметкеріне 109 420 181 теңге жалақы қарызы толық төленіп, олардың конституциялық құқықтары қорғалған еді.