
Ашылу салтанатына Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Әсет Аманжолов қатысып, арнайы құттықтады. Сонымен қатар, ауыл ақсақалдары Кашшафидин Шайкөзов, Рахымбай Үмбетов, Қайрат Көпбаев ізгі тілектерін айтып, батасын берді.
Түгіскен ауылдық округінің Әкімі Саят Смағұлұлы арнайы аппаратты салтанатты түрде іске қосып, жиналған қауым кірпіш шығару процесіне куә болды.
Зауыт иесі - Түгіскен ауылының тұрғыны Ниязалин Ербол Ахметжанұлы.
Ербол Ахметжанұлы өз қаражаты есебінен құны 33 млн 500 мың теңгеге SSG-500 маркалы вибропрессті аппарат арқылы кірпіш шығаратын зауыт құрылғысын сатып әкеліп, орнатты. Жалпы зауыт ашуға кәсіпкер өз қаражаты есебінен 80 млн. теңге жұмсады. Аталған зауыт құмблок, қабырға блоктарын, тротуар плиткаларын, жиек тастарын құйып шығарумен айналысады.
Аталған құрылғы сағатына 500-600 дана, күніне 5000-6000 дана кірпіш шығара алады. Қазіргі таңда аталған өндіріс орнында алты адам жұмыс істейді. Өндіріс толық қуаттылығында жұмыс істегенде 12-15 адамға дейін тұрақты жұмыс беретін болады.
Ұлытау облысы