Президент • Бүгін, 18:44

Президент Digital Aqmola орталығында болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Aqmola орталығында Ақмола облысын цифрлық жаңғырту жоспары баяндалды, деп жазады Egemen.kz.

Президент Digital Aqmola орталығында болды

Президент «103», «109», «112» жедел қызметтерін ортақ платформаға топтастырған І-Komek бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты.

Digital Aqmola жобасы көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, экология және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларға орталықтандырылған мониторинг жүргізеді.

Президент

Сонымен қатар Мемлекет басшысына жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және әлеуметтік жобалар жөнінде баяндалды

Облыс әкімі Марат Ахметжанов «Дихан-Плюс» шаруа қожалығының тәжірибесі негізінде аграрлық салаға жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын айтты. Соның нәтижесінде өнімділікті арттыратын, кәсіпорынның кірісін ұлғайтатын және бюджетке қосымша табыс әкелетін агротехникалық шешімдер әзірленді. Осы жүйені Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарға кеңінен тарату жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестиция тарту, өңдеу, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс саласында жаңа жобалардың қолға алынғаны жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға баспана беру, Көкшетауда жаңа ЖЭО құрылысын салу, облыс орталығы мен басқа да елді мекендерді сумен және жылумен қамтамасыз ету, медициналық, спорттық нысандар құрылысын жүргізу, инфрақұрылымды дамыту шаралары жайында баяндалды.