Оқиға • Бүгін, 10:57

Алматыда жол жабыны опырылып, 13 көлік зақымданды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қыркүйек күні Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінің жол жабыны опырылып қалды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жол жабыны опырылып, 13 көлік зақымданды

Фото: видеодан алынған

Әуезов ауданы әкімдігінің мәліметінше, мердігер компания бұған дейін Аманжол көшесінде тарату желілері жобасын аясында ауызсу және кәріз инженерлік желілерін жүргізу жұмыстарын толық аяқтаған. Десе де «QazaqGaz» АҚ тапсырысымен 300 мм диаметрлі болат газ құбырын тарту жоспарына байланысты асфальтбетон жамылғысын толық қалпына келтіру уақытша кейінге қалдырылған.

Осы жағдайға және қатты нөсердің әсері жолдың шөгуіне және жабынның бүлінуіне әкелді. Соның салдарынан жол жабыны опырылып, 13 автокөлік зақымданды. Қазіргі уақытта Аманжол көшесі жабылды. Таңертеңнен бастап көліктерді эвакуациялау, топырақты шығару және жолды толық тазартқанға дейін балласт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мердігер ұйым зақымданған автокөліктердің иелеріне келтірілген шығынды толық өтейді. Мәселе Алматы қаласы әкімдігінің бақылауында», деп жазды Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин.