Фото:Видодан алынған кадр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, есту қабілетінің бұзылуы – балалар арасындағы мүгедектіктің кең таралған түрлерінің бірі. Қазіргі таңда әлемде 95 миллионнан астам мектеп оқушысы осындай қиындыққа тап болған. Сарапшылар 2050 жылға қарай бұл көрсеткіштің артуы мүмкін екенін айтады.
Кениялық инженерлер жасаған роботталған қол мұғалімнің айтқан сөзін бірден ым-ишара тіліне айналдырады. Жүйені іске қосу үшін арнайы сенсорлы костюмдер қолданылады, олар адамның қимылын тіркеп, деректер базасына енгізеді. Құрылғы қазіргі уақытта Мачакос қаласындағы мектептің бірінде сынақтан өткізіліп жатыр.
Жобаның авторы Максвелл Опондоның айтуынша, бұл жүйе қашықтан оқытуға да бейімделген. Бір жағында мұғалімнің басқару экраны болса, екінші жағында роботталған қол мен экзоскелет жұмыс істейді.
Теннис үстеліндегі сенсация: AI-робот кәсіби ойыншыларды жеңді
Робот 3D-басып шығару технологиясымен қайта өңделген пластиктен жасалған және интернеті әлсіз аймақтарда да қолдануға мүмкіндік береді. Сынақ кезеңіне 500 мыңнан астам оқушы қатысқан. Қазір бұл әдіс Швейцарияда тестіленіп жатыр, ал Франция мен Вьетнам өз аналогтарын әзірлеп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияның ауылдық аймақтарында аюлардан қорғау үшін қасқыр бейнесіндегі роботтар жасалып шығарылғанын жазған едік.