
Фото: polisia.kz
Тексеру барысында 400-ден астам SIM-карта, ондаған банк картасы мен бірнеше мобильді телефонның заңсыз әрекеттер үшін қолданылғаны расталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, SIM-карталар мен телефондар telegram және whatsApp мессенджерлерінде тіркеу кезінде растау кодтарын қабылдау үшін сатып алынған. Қазіргі таңда ұсталған азаматтардың интернет-ресурстар арқылы жасалған бірқатар алаяқтықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.