
Фото: Ақорда
Президент жаһандық өркениетаралық диалогты дамытуда Қытайдың сындарлы рөл атқаратынын, сондай-ақ бұған Төраға Си Цзиньпин зор үлес қосқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы бейбітшілік пен үйлесім идеясын ілгерілетуде будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты. Сонымен қатар екі елдің дін ісіне жауапты мемлекеттік органдары арасындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жұмыс Қазақстан мен Қытайдың мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайтуға, өзара сенімді дамытуға, бейбітшілік пен келісімнің ортақ құндылықтарын дәріптеуге ықпал ететініне сенім білдірді.