Салық • Бүгін, 20:23

Атырауда 8 млрд теңгені заңсыз иемденіп, салық төлеуден жалтарғандар сотталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау сотында жалған шот-фактуралармен арқылы 8 миллиард теңгені иемденген 3 күдікті қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда 8 млрд теңгені заңсыз иемденіп, салық төлеуден жалтарғандар сотталды

Қылмыстық істі тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облыстық департаментінің қызметкерлері жүргізді.

«Тергеу нәтижесінде А.С.Тюякпаевтың басшылығымен С.А.Аргалаш пен А.С.Булатовтың қатысуымен тұлғалар тобы ұйымдасып, 8 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар рәсімдеу арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру, салық төлеуден жалтару схемасын құрғаны анықталды. Осының салдарынан мемлекетке 590 млн теңгеден астам салық төленбей, ірі көлемде залал келтірілген. Тюякпаев 342 млн теңге көлеміндегі қылмыстық кірісті бақылауындағы компаниялардың есепшоттары арқылы өзінің жұбайының жеке шотына аудару арқылы заңдастырған», деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Сот санкциясымен 4 автокөлікке, 2 пәтер мен бір тұрғын үйге тыйым салынды. Тергеу кезінде күдіктілер 236 млн теңгені өз еркімен өтеген.

«Сот үкімімен Тюякпаев, Аргалаш және Булатов кінәлі деп танылды. Оларға 2 жыл 4 айдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық жолмен тапқан кіріске сатып алынған мүлік – Атырау қаласындағы пәтер мен автокөлік мемлекет пайдасына тәркіленді. Қалған мүлікке қатысты азаматтық талап шешілгенге дейін қамтамасыз ету шараларын сақтау туралы сот шешімі қабылданды», деп мәлімдеді агенттіктен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.