Пікір • Бүгін, 08:54

Адамзатты біріктіретін сұхбаттастық

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз кейінгі 20 жыл бойы діндер арасындағы диалог бағытында жұмыс істеп келеміз. Қашанда мұндай басқосуларды барынша қолдаймыз.

Адамзатты біріктіретін сұхбаттастық

Қазір жер жаһанда қатыгездік пен өшпенділікке жақын, кикілжің тудыратын топтар аз емес, өкініштісі, олардың қатары күннен-күнге артып барады.

Ал діндер арасындағы диалог орталықтары өте аз. Сондықтан осындай басқосуларды қолдауымыз керек. Мұндағы мақсат – әлемдегі діндердің ортақ құндылықтарын анықтап, соны әлем халқына жеткізу. Тіпті саясаткерлерге қысым жасап, жағдайды өзгертуге мәжбүрлеуіміз қажет.

Біз бірлікке, бей­біт­шілікке бастайтын осы құндылықтарды ғаламдық деңгейде дәріптеуіміз керек. Әлем жұртшылығы жаһанда болып жатқан қайғы-қасіретке бейжай қарамауға тиіс. Қазір Газа секілді қақтығыстың қызған нүктесіндегі өңір халқы аштық пен соғыстан зардап шегіп жатқаны жанға батады. Миллиондаған бала білімсіз қалды. Сол балаларға қамқорлық жасау – баршамызға ортақ міндет. Бұл тек саясаткерлердің емес, біздің де жауапкершілігіміз.

Дәл қазір діндер арасындағы байланыс диалогке зар болып тұр. Жоғарыда айтқанымдай, діндердің арасында ортақ дүниелер өте көп. Сондықтан діндер бізді бөліп-жармағаны абзал. Керісінше, діндер бізді біріктіріп, бірге жұмыс істеуге шақыруға тиіс. Меніңше, біз бұл шекараны жоюымыз керек және өзара сенімді қалыптастыруымыз қажет.

Қысқасы, бейбітшілікке, тату-тәтті өмірге тек діни көшбасшылар емес, бәріміз жауаптымыз. Сондықтан мұндай кездесулерді барынша қолдап, діндердің ортақ тұстарын анықтап, оны бүкіл әлемге жеткізу аса маңызды.

 

Ибрахим Сален әл-НАЙМИ,

Дохадағы Халықаралық діндер диалогі орталығының төрағасы, профессор