
Өйткені жасанды интеллект техникалық құрал ғана емес, біртіндеп адамзаттың ойлау жүйесіне, дүниетанымына әсер ететін күшке айналып келеді. Бүгінде бұл мәселе жастармен қатар ересек буынды да алаңдатып отыр. Өзім де интернетті белсенді пайдаланамын және жасанды интеллектімен жұмыс істеуге бірнеше рет талпынып көрдім. Егер кез келген технологияны дұрыс пайдаланса, жақсы көмекші құрал бола алады.
Алайда көбіне аяттарға қатысты сұрау салсақ, бұрмалайтын немесе қосып жіберетін тұстары болады. Құранды жатқа білетін адам ретінде мұндай бұрмалаушылықты бірден байқайсың. Бұл, әрине, ойландырады әрі алаңдаушылық тудырады. Осы ретте жасанды интеллект жұмысын нақты реттеп, регламенттеген жөн.
Ислам шариғаты мен басқа да дәстүрлі діндерде моральдық-этикалық нормалар ғасырлар бойы қалыптасқан. Бұл нормалар – өзгермейтін және рухани негізге сүйенетін қағидалар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді бас қосатын алаңдарда осы мәселелерді көтеріп, ортақ адами құндылықтарды сақтауға ұмтылуымыз қажет. Дін өкілдері мен рухани көшбасшылардың бұл мәселеге араласуы, өз ұстанымын білдіруі – уақыт талабы. Себебі барлық діннің түп-тамырында жақсылық, әділет, мейірім, адалдық секілді ортақ моральдық ережелер жатыр.
Ал жасанды интеллектіні дамыту барысында осы рухани-этикалық қағидаларды ескерусіз қалдыру адамзат үшін қауіпті салдарға алып келуі мүмкін. Меніңше, құрылатын комиссия ЖИ технологиясының дамуын адамгершілік пен жауапкершілік аясында қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Камил САМИГУЛЛИН,
Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Татарстан Республикасының мүфтиі