Пікір • Бүгін, 09:05

Дүниежүзілік өзара түсіністіктің үлгісі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Пре­­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлем­дік және дәс­түр­лі діндер көш­бас­­шылары­ның съезі­не ерекше мән беріп отыр­ғанына куә болып отырмыз. Бұл – Қазақстанның бейбітшілік пен өзара түсіністікті дамыту жолындағы берік ұстанымының айқын көрінісі.

Дүниежүзілік өзара түсіністіктің үлгісі

Осы жол­ғы съезде Қазақ­станның бастамасымен дін мен руханият мәселелерін талқылауға жастардың да тартылуы – аса құптарлық қадам. Себебі бұл тақырыптар – қазіргі күннің ғана емес, болашақтың да тағдырына тікелей әсер ететін маңызды салалар. Қазақстан рухани мәселелерге үстірт қарамауға шақырып қана қоймай, осы бағыттағы жаһандық сын-тегеуріндерге назар аударуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл елдің жоға­ры деңгейдегі жауап­кершілігін көрсетеді.

Съезд барысында бүкіл әлем елдеріне ортақ өзекті мәселелер, соның ішінде Газадағы күрделі гуманитарлық жағдай да кеңінен көтерілді. Бұл тақырыпты қозғаған көптеген ұсыныс айтылып, ортақ шешімдерге ұмтылу байқалды. Бұл – дін көшбасшылары үнінің әлемдік бейбітшілік пен әділет жолында қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Бүгінде Қазақстан этносаралық және дінаралық өзара сыйластық саясатын сәтті жүргізіп отырған мемлекет ретінде барша әлемге үлгі бола алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың съездің пленарлық отырысына тікелей қатысып, өз бастамаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баян­дауы – Қазақстанның ашықтық пен диалогке негізделген саяси және рухани тәжірибесінің бір көрінісі.

Осы съезден терең мағлұмат алдық. Мұндай тәжірибе, әсіресе қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында аса құнды. Сондықтан Қазақстанға және оның Президентіне халықаралық дінаралық диалогті дамытуға қосқан зор үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

 

Абдул-Вахид НИЯЗОВ,

Еуропа мұсылмандары форумының президенті