Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025

Қарағандыда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам мерт болды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​облысында жолаушылар пойызы Mazda көлігімен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, 3 адам мерт болды

Фото: Ашық дереккөз

ҚТЖ мәліметінше, қайғылы оқиға 17 қыркүйек күні сағат 00:54-те Ақадір-Қарағанды ​​учаскесіндегі Жарық-Дария аралығында орналасқан теміржол өткелінде болған.

«Күзетілмейтін, реттелетін темір жол өткелінде 92 км/сағ жылдамдықпен қозғалған жолаушылар пойызының машинисі жолға шыққан Mazda маркалы жеңіл автокөлікті байқап, шұғыл тежеу қолданды.  Алайда соқтығысты болдырмау мүмкін болмады. Салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар