Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Өз рекордын жаңартты

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиода өткен әлем чемпионатында швециялық сырықпен секіруші Арман Дюплантис 6 метр 30 сантиметр биіктікке секіріп, әлем рекорд жасады.

Өз рекордын жаңартты

Расымен, адамның мүмкіндігі ғаламат қой. Бар болғаны 25 жастағы спортшы өзінің тамыз айында қойған 6,29 метрлік рекордын өзі қайта «бұзды». Бұл – оның әлемдік рекордты 14-рет жаңартуы. Осы сайыста күміс жүлдені грек спортшысы Эммануил Каралис (6,00 м), ал қола медальды аустралиялық Кертис Маршалл (5,95 м) еншіледі. Дюплантистің техни­касы мен жеңіл қимылын көрген жанкүйер­лер оған «Бұл ғаламшардан емес-ау» деп таң­дай қағып жатыр. Ал спортшының айтуын­ша, ол сырықпен секіруді үш жасынан мең­гере бастаған. Кезінде ата-анасы да жеңіл атлетикамен айналысыпты. Міне, жетістік сыры қайда?