Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Балаларға арналған ChatGPT

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«OpenAI» компаниясы ChatGPT-дің балаларға арналған арнайы нұс­қасын әзірлеп жатыр. Егер жүйе қолда­ну­шының жасын нақты анықтай алмаса, бірден жасөспірімдерге арналған бетке ауысады. Ата-аналар баланың аккаунтын бақылап, пайдалану уақы­тын шектей алады.

Балаларға арналған ChatGPT

Ең қызығы, жасөспірімнің психо­логиялық күйзелісін байқаса, жүйе бала­ның ата-анасына дереу хабар береді екен. Бұл қадамдар бекер емес. Ғаламтордағы ең үлкен қатердің бірі – кибербуллинг. Мысалы, АҚШ мектептерінің 15%-ы аптасына кем дегенде бір рет кибербуллинг тура­лы шағым тіркейді. Әлеуметтік желілерде қысымға ұшырайтын балалар саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан «OpenAI»-дің жаңа бастамасы осыған тосқауыл болуға бағытталған маңызды қадам болып тұр.