Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

«Алисаның» қазақша нұсқасы

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының студенттері «Алисаға» балама болатын ерекше ды­быстық көмекші жасап шықты. Енді олар бұл қосымшаны жасанды ин­тел­лектімен байланыстырып, мүм­кіндігін кеңейтуге кірісіп жатыр.

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Бағдарламаның авторы Жетісу университетінің студенті Артем Федоров әзірге тек компьютердегі тапсырмаларды орындайтын нұсқасын жасаған. Бірақ оның арманы – қосымшаны қазақ тілінде сөйлетіп, бейнекамера арқылы адамның бет-жүзін танитын әрі «ым» тілін түсінетін деңгейге жеткізу. «Бұл құралды студенттер мен оқушылар білім алуға, мұғалімдер өз жұмысында қолданса деймін. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жандар да ым арқылы тапсырма беріп, ақпарат алса деген арманым бар», дейді жас өнертапқыш.