Алматы • Кеше

«Аттан»: Амантай қажы көпірге жазу жазғаны үшін айыппұл арқалады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елге ерекше ұрандарымен танылған Амантай қажы жаңғыртудан өткен Сейфуллин мен Райымбек батыр көшелерінің қиылысындағы көпірде «Аттан» сөзін жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аттан»: Амантай қажы көпірге жазу жазғаны үшін айыппұл арқалады

Оның бұл әрекетін алматылық тұрғын түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялады.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша қолданыстағы заңнама аясында қажетті шараларды жүргізгенін хабарлады.

— Құқық бұзушы қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, онымен профилактикалық әңгіме өткізілді. Қаламыздың көшелерінің сақталуы мен тазалығы — баршамыздың ортақ міндетіміз екенін еске саламыз. Біз бірге әрекет ету арқылы Алматының тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, — деп хабарлады полициядан.