
Фото: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаушылар 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға жолдама жолында бақ сынап жатыр.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандастарымыз ырғақты бидің қорытындысы бойынша 50,64 ұпай жинап, аралық есепте 16-орынға тұрақтаған. Бірінші орынға Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва) 80,92 ұпаймен жайғасқан.
Іріктеудің келесі еркін бағдарламадағы сайыстары 21 қыркүйек күні өтеді.
Ал ерлер арасында өтетін жекелей сайыста Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғайды.