Мәдениет • Кеше

Әміре Мәскеуде ән шырқайды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәскеуде өтетін халықаралық музыкалық «Интер­видение-2025» байқауына Әміре есімімен танылып жүрген әнші Ернар Садырбаев қатысады. Финал бүгін түнгі сағат 22:30-да «Первый канал Евразия» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әміре Мәскеуде ән шырқайды

Әлемнің түрлі елі­нен 23 орындау­шы қатысатын ха­лық­аралық байқауда қазақ әншісі «Дала таңы» атты компози­циясын орындайды. Му­зыка­сын Әміренің өзі, ал сөзін ақын Саят Рахымжанов жазған. Біз­дің үміткердің өнер көрсетуі әдеттегіден ерекше болмақ. Себебі сахнаға өнерпазбен бірге сегіз жастағы Жасмин Қайратқызы да шығады. Ол – қазақстандық делегация­ның ең жас қатысушысы. Осы маңызды рөлге арнайы кас­тинг жарияланып, 100 үміт­кердің ішінен Жасмин ең үздік деп танылған. Қалған жайттар әзірге құпия. Бізге белгілісі қазақ делегациясының бас продюсері Алтынбек Рах­метовтің мына пікірі: «Бұл ән барлық қатысу­шының жүрегін жау­лап алды. Олар бірге шырқап, әуе­нін айтып жүр. Біздің ең басты мақ­сатымыз – әніміздің еліміз­де кең таралғаны», депті ол.

Халықаралық байқау қа­зірдің өзінде миллионда­ған көрерменнің назарын аударып отырған көрінеді. Ұйым­дастырушылардың хабарлауынша, тікелей эфир төрт құрлыққа таратыла­ды. «Интервидение-2025» бай­қауына қатысушылар және де­легациялармен жұмыс іс­теу департаментінің басшысы Татьяна Селиверстованың айтуынша, қатысушы елдердің барлығында байқаудың тікелей эфирі немесе бір тәулік ішінде жазбасы көрсетіледі. «Бұл – байқауда 2 миллиардтан астам адам тамашалай алады деген сөз» дейді.

Ба­йқау дауыс беру арқылы шеші­леді. Ол туралы Әміре­нің өзі:

«Маған адамдар қалай дауы­с беретіні өте қызық. Әдетте, біз қандай да бір елге барсақ, онда тек сол елдің өкілдері ғана болады да, өз бағаларын қояды. Ал мұнда 20-дан астам елдің өкілдері бар, олар бір-бірімен онша таныс емес. Сол себепті баға анағұрлым әділ болады деп ойлаймын», дейді.

Соңғы жаңалықтар

Оралу: рух күші

Руханият • Кеше

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Кеше