Қоғам • Бүгін, 18:12

Алматыда жер сілкінді ме?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін алматылықтардың ұялы байланыс телефондарына келген хабарландыру жұртты дүр сілкіндірді. Әсіресе, қоғамдық орындарда алаңсыз қыдырып жүрген халық дүрліге далаға қашты. Дегенмен Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінген жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда жер сілкінді ме?

Өз кезегінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі төмендегідей ақпарат таратты.

"ҚР ТЖМ «ҰССО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте, Астана уақытымен сағат 16 сағ. 25 мин. 19 сек. жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 с.е. 76.824 ш.б.

Координаттары: 43.165 с.е., 76.824 ш.б.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2. Магнитудасы MPV – 3.8".

Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ. Дегенмен, 101 және 112 нөмірлеріне қоңыраулар түсіп жатыр. Сейсмологтардың датчиктері тіркеп, Mass Alert автоматты түрде іске қосылды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті алаңдауға еш негіз жоқ екендігін, қосымша ақпараттар берілетіндігін мәлімдеді.