Аймақтар • Бүгін, 09:23

Жыл соңына дейін 120 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гидротехникалық нысандарды, коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың балансына беру жөніндегі жол карталары әзірленді, деп жазады Egemen.kz.

Жыл соңына дейін 120 гидротехникалық нысан мемлекет меншігіне өтеді

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Осы жол картасы бойынша, биыл 120 гидротехникалық нысанды кәсіпорындардың балансына қабылдау жоспарланып отыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы – 245, 2027 жылы – 465 нысанды мемлекет балансына қайтару көзделген. Сонымен қатар 1 937-ге жуық гидротехникалық нысанды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу жоспарланып отыр. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірлерде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі 16 мамандандырылған ұйым құрылып, жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде 10 ұйым 2024-2025 жылдары құрылған. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың балансына 872 нысан қабылданып, 283 арнайы техника берілді және 1 197 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 310 қызметкер биыл жұмыспен қамтылды», делінген министрлік хабарламасында. 

Айта кетейік, жаңа мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында ашылған.